Штаттың ұлғаюына қарамастан, жұмыстан кететіндер қатарының көбейгені байқалады
Поляк армиясының жұмыстан босатылған әскери қызметшілерінің 40 пайызы – үш жылдық қызметтен кейін шығатындар, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Rzeczpospolita-ға сілтеме жасап.
2023 жылдың 1 қаңтары мен 30 қарашасы аралығында Польшада 8 947 әскери қызметтен босатылды. Оның 62 пайызы зейнетке шықса, 38 пайызы бір-үш жылдық келісімшарттық қызметтен кейін зейнеткерлікке шыққан. Сонымен қатар 2023 жылы аумақтық қорғаныс күштерінің 9 759 әскери қызметкері Қарулы Күштерден кету туралы шешім қабылдады. Яғни 2023 жылы Польшада 18 мың адам әскери қызметпен қош айтысқан. Бұл ретте желтоқсан айында 4 834 әскери қызметші қызметтен босатуға өтініш берген.
Ал 2022 жылы 15 900 әскери қызметші Қарулы күштер қатарынан босатылған. Оның 8 988-і – кәсіби әскери және 6 912-і – аумақтық қорғаныс сарбаздары.
Алайда Польша Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың осы кезеңінде 22 мың адам жұмыс істеген.
Сауалнамаға сәйкес, әскери қызметтен кетудің басты себептері жабдықтау мәселелері мен төмен жалақы екені айтылған. Польшада әскерилер еңбек нарығындағы бәсекелестікте төменгі көрсеткішке ие болған.