«Сүйіспеншілігімді және құрметімді білдіремін»: Ердоған Түркия әскерилерін жаңа жылмен құттықтады

«Сирия шекарасындағы күресте қол жеткізген нәтижелер – біздің әрқашан қауіпсіз екендігіміздің белгісі»

Админ
03/01/2024 - 20:38

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Килисте сапарда болған елдің Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер арқылы сонда қызмет ететін сарбаздарды телефон арқылы Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ге сілтеме жасап.

«Сирия шекарасындағы күресте қол жеткізген нәтижелер – біздің әрқашан қауіпсіз екендігіміздің белгісі», - деген Ердоған шейіт болғандарға Алладан рахым, жараланғандарға шипа тіледі.

Сонымен қатар ол әскерилерді жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Біз 2023 жылмен қоштасып, 2024 жылды қарсы алып отырмыз. Әскерлерімізді жаңа жылымен құттықтаймын. 2024 жылдың жақсылық әкелуін бір Алладан тілеймін. Сәлемімді, сүйіспеншілігімді және құрметімді білдіремін», - деді Ердоған. 

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4