Қытайда жаңа қорғаныс министрі тағайындалды

Жаңа министр Шілдеде жұмбақ күйде жоғалып кетіп, екі айдан кейін қызметінен босатылған Ли Шанфаны алмастырды

Нұрдәулет Кәкіш
03/01/2024 - 18:43

Фото: Borneo Times

Фото: Borneo Times

Екі ай бос тұрған министрлік креслоға Қытай билігі жаңа қорғаныс министрі етіп Донг Чжунды тағайындады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Донг бұрынғы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Ли Шанфаның орнына келді. Ол көпшілік алдында соңғы рет өткен жылдың тамыз айында төбе көрсеткен болатын.

Донгты тағайындау туралы Қытайдың Жоғарғы заң шығарушылары жұма күні Бейжіңде өткен Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының Тұрақты комитетінің отырысында жарияланды.

Бұл тағайындау елдегі бірқатар жоғары лауазымдылардың және әскери шенеуніктердің жұмыстан босатылуынан кейін болды.

Лиден бөлек, Сыртқы істер министрі Цинь Ганг қызметтен шеттетілді. Ли Мен Циннің жұмыстан шығарылу себептері көрсетілмеген. Екеуі де өз лауазымдарында 7 ай ғана болды.

Осы аптада 9 жоғары лауазымды әскери шенеунік тұрақты комитеттен шығарылды.

Сонымен қатар мемлекеттік БАҚ апта басында мемлекеттік зымыранға қарсы қорғаныс фирмаларының 3 басшысы Бейжіңнің Жоғарғы саяси консультативтік органынан шығарылғанын хабарлады.

62 жастағы Донг 2021 жылдың тамызында әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы болып тағайындалған болатын.

Оның бұрынғы лауазымдарының қатарында Қытайдың оңтүстік театры қолбасшысының орынбасары лауазымы бар. Оның жұмыс аймағына даулы аймақ Оңтүстік Қытай теңізі кіреді. Оның едәуір бөлігін Қытай өз иелігінде деп санайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91