Түркияда Израильдік тыңшылар ұсталды

Түркия полициясы 30-дан аса адамды ұстады

Ануар Маратов
03/01/2024 - 17:38

Фото: TRT Haber

Фото: TRT Haber

Түрік полициясының қызметкерлері Израильдің барлау қызметіне жұмыс жасады деген күдікпен 33 адамды ұстады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT Haber-ге сілтеме жасап.

Ұсталғандардан шамамен 143 мың еуро және 23 мың АҚШ доллары, лицензиясыз атыс қаруы және тыңшылық жасады деген күдіктілердің заңсыз әрекетін дәлелдейтін цифрлық материалдар табылды.

Түркия Ішкі істер министрі Әли Ерликая қамауға алу туралы ақпаратты Х-те (Twitter) растады. Операция сегіз провинцияда жүргізілген. Күдіктілер 57 мекенжай бойынша ұсталды. Олардың көпшілігі Ыстамбұлда қамауға алынды.

«Ыстамбұлда үйлестірілген, сегіз провинцияда жүргізілген операция аясында 57 мекенжай бойынша Израильдің барлау қызметіне біздің еліміздің аумағында жұмыс істеді деген күдікпен 33 адам ұсталды», - деп жазды түрік министрі.

 

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4