Әуе кемесі Жапонияның солтүстігіндегі Саппоро қаласынан Токиоға ұшып келген еді
Japan Airlines авиакомпаниясының ұшағы Токио әуежайына қонған кезде өртеніп кетті. Ол қонар кезде Жағалау күзеті ұшағымен соқтығысуы мүмкін, деп хабарлайды Sarbaz.kz NHK телеарнасына сілтеме жасап.
Әуе кемесі Жапонияның солтүстігіндегі Саппоро қаласынан Токиоға ұшып келгені белгілі.
Телеарнаның хабарлауынша, Japan Airlines авиакомпаниясының барлық жолаушылары мен экипаж мүшелері эвакуацияланды. Яғни жолаушылар ұшағындағы 379 адамның барлығы құтқарылды.
Ал жағалау қызметінің ұшағындағы алты адамның біреуі ғана аман, қалған бесеуі іздестіріліп жатыр.