Оңтүстік Корея оппозициясының басшысы халық алдында пышақталды

Құлап, қансыраған саясаткер дереу ауруханаға жеткізілді

Админ
02/01/2024 - 19:20

Yonhap

Yonhap

«Тобуро» демократиялық партиясының жетекшісі Ли Чжэ Мён Пусан қаласындағы әуежайдың құрылыс алаңына барған кезде оған белгісіз біреу шабуыл жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Пышақтаған адам оқиға орнында ұсталды. Қазіргі кезде Лидің нақты жағдайы белгісіз.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адамның саясаткердің мойнын пышақпен осып қалған. Алаңнан тараған көптеген видеолардан Лидің жерде жатқанын, оның мойнынан кеткен қанды тоқтату үшін орамал басып жатқанын көруге болады.

Іске Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл араласып, тергеуді жедел түрде өткізуді тапсырды. 

Біздің қоғам ешқашан, ешбір жағдайда мұндай зорлық-зомбылық әрекеттеріне жол бермеу керек, - деді ел президенті.

Соннамның бұрынғы мэрі Ли Чжэ Мён 2022 жылдың ортасынан бері «Тобуро» демократиялық партиясын басқарады. Ол 2022 жылдың наурыз айында өткен президент сайлауында Юн Сок Ёлдан аз ғана дауыспен жеңілген еді.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85