Жапонияда жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды

Цунами биіктігі 5 метрге дейін жеткен

Админ
01/01/2024 - 21:44

NASA/Хонсю, Жапония

NASA/Хонсю, Жапония

Жапонияның батысында бірнеше минут айырмашылықпен 5,6 және 7 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz TV Asahi сайтына сілтеме жасап.

Жапонияда Хонсю аралының солтүстік-батыс жағалауында орналасқан Исикава префектурасында жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ното түбегінде, ал ошағы 10 км тереңдікте болған. Бастапқыда жер сілкінісінің магнитудасы 7,4-ке бағаланып, кейіні бағалау 6,1-ге дейін түзетілді.

Жапония метеорологиялық агенттігі Ишикава, Ниигата және Тояма префектураларының батыс жағалауындағы аудандарда цунами туралы ескерту жасады.

Метеорологиялық агенттіктің мәліметі бойынша, биіктігі 5 метрге дейінгі цунами Исикава префектурасындағы Нотоға жеткен.

Тегтер

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94