Ұлыбритания хуситтерге шабуыл жасауға дайын екенін мәлімдеді

Ұлыбритания хусит бүлікшілеріне әуе шабуылдарын қарастырып жатыр

Админ
01/01/2024 - 21:20

OSAMAH YAHYA/EPA-EFE/Shutterstock

OSAMAH YAHYA/EPA-EFE/Shutterstock

Қорғаныс министрі Грант Шэппстың айтуынша, Ұлыбритания Қызыл теңіздегі жүк кемелеріне жасалған шабуылдарына байланысты "тікелей әрекет етуден" тартынбайды, деп хабарлайды Sarbaz.kz telegraph.co.uk сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбритания АҚШ-пен бірлесіп, Йемендегі Иран қолдап отырған хуситтерге қарсы әскери соққылар жасауды жоспарлауға кіріскен. Оған себеп - хуситтердің әлемдік сауда жолдарына кедергі келтіріп, кемелерге шабуыл жасауы. 

Грант Шэппс хуситтерге Ұлыбританияның қауіп-қатерді болдырмау үшін барынша әрекет етуге дайын екенін ескерткен. АҚШ пен Ұлыбритания бұрын-соңды болмаған бірлескен мәлімдеме дайындап, хуситтерге шабуылдарын тоқтату туралы соңғы ескерту жасамақ.

Қорғаныс министрлігі қарастырып жатқан нұсқалардың бірі - зымыран тасығыш HMS Diamond кемесін қолдау үшін Парсы шығанағы аймағында жүрген 23 типті HMS Lancaster фрегатты Қызыл теңізге ауыстыру.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85