АҚШ Қызыл теңізде Йеменнен жіберілген екі зымыранды атып түсірді

АҚШ әскери кемесі Қызыл теңізде атып түсірілген контейнерлік кемеге көмек көрсетті

Админ
31/12/2023 - 22:01

US NAVY

US NAVY

АҚШ әскерилерінің айтуынша, кемеге қарсы зымырандар хуситтер басқарып отырған аудандардан атылды, ал оларға Gravely және Laboon эсминецтері жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz bbc.com сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің адмиралы бұл 18 желтоқсанда басталған жаһандық патруль кезеңінен бергі алғашқы сәтті соққы екенін айтты.

Айта кетейік, хуситтер Қызыл теңіздегі кемелерге қарашадан бастап шабуыл жасап жатыр. 

Йемендегі көтерілісшілер тобы өмірлік маңызы бар теңіз жолына жасаған шабуылдарды "Израильмен байланысы бар кемелерге қарсы бағытталған мұндай әрекет Газа соғысына жауап" деп түсіндіруде. 

Шабуылға ұшыраған Maersk Hangzhou коммерциялық кемесі Сингапурда тіркелген және оны даниялық фирма басқарады, - делінген АҚШ Орталық қолбасшылығының (Centcom) мәлімдемесінде.

Коммерциялық кемелер апат сигналын жіберген кезде хуситтер АҚШ Әскери-теңіз күштерінің екі кемесін зымыранмен атқылаған. 

АҚШ әскери кемесі жақындап келе жатқан баллистикалық зымырандарды жойған. Бұл 19 қарашадан бергі "хуситтердің халықаралық кеме қатынасына бағытталған 23-ші заңсыз шабуылы" екеніні де айтты.

Maersk Hangzhou кемесі жүзуге жарамды және бортта жарақат алғандар туралы хабар жоқ, - деп қосты Centcom.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91