Газадағы жағдай: Нетаньяху соғыс «айларға» созылатынын айтты

Израиль әскері аймақтың солтүстік аймағын жаулауға шақ қалды

Админ
31/12/2023 - 19:28

Israel Defense Forces/REUTERS

Israel Defense Forces/REUTERS

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудің айтуынша, Израиль "демилитаризацияны" қамтамасыз ету үшін Газа секторындағы Мысыр шекарасын бақылауда ұстауы қажет, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Израильдің қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторының оңтүстігіндегі басты қала Хан Юнистегі ХАМАС штаб-пәтерін басып алғанын мәлімдеді.

"Хан-Юнисте жүргізілген операция кезінде ЦАХАЛ күштері ХАМАС-тың қала орталығындағы штаб-пәтеріне, соның ішінде ұйымның барлау командалық орталығына шабуыл жасады", - деді ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагари. 

Израиль тарапы ХАМАС-тың көшбасшысы Йехия Синвар қазіргі уақытта қала астындағы туннельдерде жасырынып жүргенін мәлімдеді. Сонымен қатар Израиль қорғаныс Армиясының ақпаратынша, олар Газа секторының солтүстік бөлігін толық бақылауға алуға жақын. 

Хагаридің айтуынша, Израиль әскері бар күшін Дардж-Туфа аймағына, аумақтың солтүстік бөлігіндегі ХАМАС-тың соңғы маңызды бекінісіне салып жатыр. 

Ал Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху соғыс Рафах шекарасын бақылауға алу үшін "айларға" созылатынын айтты.

"Соғыс қызу жүріп жатыр. Израильдің бұл территориядағы шабуылы әлі бірнеше айға созылады. Израиль әскерлері 8 мыңнан астам террористті жойды. Біз мақсатымызға жеткенше, яғни ХАМАС-ты толық жойып, кепілге алынған барлық адамдарды босатқанша дейін күресуді жалғастырамыз”, – деді Нетаньяху.

Бұған дейін Газа аймағында 24 сағат ішінде 100 палестиналық қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85