Бұл қақтығыс басталғалы бері болған ең жойқын әуе шабуылдарының бірі
Ресей бұрын-соңды болмаған көлемде дрон мен зымыран қолданып, бүкіл Украинаны нысанаға алды. Нәтижесінде кем дегенде 26 адам қаза тауып, 120-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz CNN сайтына сілтеме жасап.
Мониторларымыздан барлық аймақ пен бағытқа ұшқан көптеген жау нысандарын көрмегелі біраз болып еді", - деді Украина әскери-әуе күштерінің басшысы Юрий Игнат.
Оның айтуынша, Ресей Киевте, елдің шығысында, оңтүстігінде және батысында орналасқан нысандарға соққы жасау үшін 158 дрон мен зымыранды, оның ішінде гипердыбыста ұшатын "Кинжал" зымырандарын, қанатты зымырандар мен Шахед дрондарын пайдаланды.
Мұндай жаппай шабуыл сейсенбіде Украинаның Қырымдағы Ресей әскери-теңіз күштерінің десанттық кемесіне шабуыл жасағаннан кейін бірнеше күн өткен соң болды.
Ресей Қорғаныс министрлігі 23-29 желтоқсан аралығында Ресей Қарулы күштері "жоғары дәлдіктегі қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшақтарды қолдана отырып, 50 топтық соққы және бір жаппай соққы" жасады деп мәлімдеді.