Украинаға жасалған түнгі шабуыл кезінде Польшада әуе кеңістігіның бұзылғаны тіркелді

Осыған байланысты Польша президенті жедел кеңес өткізді

Ануар Маратов
30/12/2023 - 00:11

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Украинаға қарсы жасалған жаппай әуе шабуылы кезінде Польшада әуе кеңістігінің бұзылғаны тіркелді. Бұл туралы Sarbaz.kz Польша Қарулы күштерінің жедел қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Таңертең Украинамен арадағы шекарадан Польша Республикасының әуе кеңістігіне белгісіз әуе құрылғысы ұшып келіп, шекарадан өткен сәттен бастап сигнал жоғалғанға дейін елдің әуе қорғанысы жүйесінің радиолокациялық құралдарымен байқалды», - деп мәлімдеді  Польша Қарулы күштері жедел қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Қарулы күштердің жедел қолбасшысы қолда бар күштер мен құралдарды жедел жұмылдырды.

Әуе кеңістігінің бұзылуы туралы хабарламалардан кейін Польша президенті елдің әскери басшылығымен шұғыл кеңес өткізді.

Бұған дейін жұмаға қараған түні Украинаға Ресейден жаппай зымыран шабуылы жасалғаны туралы жарияланды.

 

 

 

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08