Көмектің соңғы траншы шамамен 250 миллион долларды құрайды
АҚШ үкіметі сәрсенбіде Украинаға биылғы соңғы қару-жарақ пакетін жеткізетінін жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz АҚШ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Украинаға берілетін соңғы пакетке мыналар кіреді:
Nasams әуе зымырандары;
«Стингер» зениттік-зымыран кешені;
HIMARS дүркіндетіп ату жүйесіне арналған зымырандар;
155 мм және 105 мм снарядтар;
Танкке қарсы зымыран кешені TOW зымырандары;
Javelin және AT-4 танкке қарсы жүйелері;
15 миллионнан аса патрон;
Медициналық жабдықтар мен бөлшектер.