Фахреттин Алтун Израиль премьер-министрінің Ердоған туралы мәлімдемесіне наразылық білдірді

Түркия президенттік аппараты коммуникациялық басқармасы төрағасы «Нетаньяхудың соңғы 40 жылда істеген ісі – палестиналықтарды өз жерінен қуу», - деді 

Нұрдәулет Кәкіш
29/12/2023 - 15:12

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркия президенттік аппараты коммуникациялық басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Ердоған туралы мәлімдемесіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ге сілтеме жасап. 

«Ол (Нетаньяху) бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған әскери қылмыстарын «өзін-өзі қорғау үшін жасаймыз» деп әлемді сендірудің шебері болып алды. Әлем оны тоқтата алмаса да, тарих оны әскери қылмыскер ретінде бағалайды», - деді Алтун. 

Сонымен қатар Алтун Түркияның терроризммен күресі туралы да тілге тиек етті.

«Террор ұйымы PKK және оның тармақтарына қарсы 40 жылдан астам уақыт бойы күресіп келеміз. Күрд азаматтары Нетаньяху сияқты бейбіт тұрғындар мен балаларды қырғынға ұшыратқан PKK-ға қарсы тікелей күресті. Мораль туралы сөз қозғайтын соңғы адам - ​​Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың өзі. Террорлық операцияларды қалай жүргізу керектігі туралы ешкімге дәріс оқи алмайды. Өйткені оның бұл салада тәжірибесі жоқ. Оның соңғы 40 жылда істеген ісі – палестиналықтарды өз жерінен қуу. Енді Израиль армиясын пайдалана отырып, бейбіт тұрғындарды үйлерінде, ауруханаларында және босқын лагерінде өлтіру арқылы бұл жағдайды жаңа деңгейге көтерді. Нетаньяху қоғамның назарын соғыс қылмыстарынан ауытқу үшін президентіміз Ердоғанға шабуыл жасау арқылы ешкімді алдай алмайды», - деді Фахреттин Алтун.

Басқыншылық астындағы Палестинада не болып жатқанын әлемге атап көрсеткен Алтун Нетаньяхудың бейбіт тұрғындарды өлтіру және соғыс ауқымын кеңейту арқылы саяси мансабын құтқару үшін жасаған бастамаларының сәтсіздікке ұшырағанын баса айтты.

Ердоғанның Нетаньяху әлемге қанша өтірік айтса да, әділдік үшін күресуден бас тартпайтынын жеткізді.

«Халықаралық қауымдастыққа тағы бір рет тез арада атысты тоқтатуға және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін келіссөздерге қол жеткізуге бағытталған күш-жігеріміздің айналасында бірігуге шақырамыз. Түркияға қарсы жасалған саяси шабуылдар мен жабылған жалаларға қарамастан, өз тарапымыздан жұмыс істеп жатырмыз. Біз шындықты айтуды жалғастырамыз», - деді ол.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85