Тікұшақ тапшылығына байланысты АҚШ Израильге AH-64 жеткізуден бас тартты

Израиль қорында қазір AH-64A және AH-64D нұсқаларындағы 43 Apache тікұшағы бар

Ануар Маратов
28/12/2023 - 20:33

Фото: Drive

Фото: Drive

АҚШ Израильге AH-64 Apache жауынгерлік тікұшақтарын жеткізуден бас тартты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Ynet-ке сілтеме жасап.

Келіссөздерді Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант және АҚШ Қорғаныс министрі генерал Ллойд Остин жүргізді.

ЦАХАЛ тікұшақтар әуе операцияларын күшейту үшін қажет деп мәлімдеді. Израиль қорғаныс армиясы Ливанның оңтүстігіндегі Хезболла нысандарына қарсы операциялар және Батыс жағалаудағы нысандарға соққы беру үшін Apache соққы тікұшақтарын орналастырды.

Конгресстің қосымша қаражатты мақұлдамауына қарамастан, АҚШ Израильге кең көлемде әскери көмек көрсетпек. Алайда мәселе тікұшақтарға келіп тірелгенде америкалықтар ондай көмек беруден бас тартты. Оның себебін өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға тікұшақтар жетпей жатқандығымен түсіндірді.

Қазір АҚШ-та AH-64Е Apache Guardian жаңа нұсқасын енгізуді көздейтін Apache тікұшақ паркін жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. AH-64D ескі тікұшақтарының көп бөлігі қайта жаңғыртудан өтсе, біраз бөлігі жаңадан жасалмақ.

Израиль қорында қазір AH-64A және AH-64D нұсқаларындағы 43 Apache тікұшағы бар.

Израильдіктер техникалық қызмет көрсету шығындарына байланысты Apache пайдалануды қаржыландыруды шектеді.

1990- жылдары шығарылған израильдік «Апачтардың» көпшілігі (Ah-64А «Петен») одан бері талай мәрте әскери іс-қимылдарға пайдаланылған ескі тікұшақтар.

Израиль Қорғаныс армиясында Boeing AH-64 Apache тікұшақтарын басқаратын екі тікұшақ эскадрильясы бар. Бұл эскадрильялар соғыс басталғаннан бері Газада тәулік бойы қолданылып жатыр. Қос эскадрильяға да қазір жүктеменің көп болуы ауыр тиіп тұр.

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, бригадалық генерал Томар Барға 54-55 жас аралығындағы отставкадағы ұшқыштарды қызметке қайтару ұсынылды. Тіпті олардың кейбірі белгіленген жауынгерлік ұшу жас (51 жас) шегінен асып кетті. 55-60 жас аралығындағы егде жастағы ұшқыштар да құрлықтағы лауазымдарды толтыруға шақырылды.

Бұрын Израильден мәнсаптарын шетелде жалғастыруға кеткен ұшқыштар соғыс басталғаннан бері елдеріне қайтып келіп жатыр. Негізінен олар АҚШ-тан оралған. Қайта даярлау курстарынан өткеннен кейін олар бірден жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жіберілді.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16