АҚШ Украинаға 2023 жылдағы соңғы әскери көмек пакетін жариялады

Соңғы пакетте әуе қорғаныс құралдары, артиллериялық оқ-дәрілер, танкке қарсы қару-жарақ қарастырылған

Ануар Маратов
28/12/2023 - 16:57

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Ақ үй АҚШ-тың Украинаға 250 миллион долларға жуық әскери көмек траншын мақұлдады. Соңғы пакетте әуе қорғаныс құралдары, артиллериялық оқ-дәрілер, танкке қарсы қару-жарақ қарастырылып отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Украина егер батыстан қосымша көмек көрсетілмесе, соғыс күштері мен оның мемлекеттік қаржысына қауіп төнетінін ескертті.

Вашингтон мен еуропалық одақтастарының көмек көрсету қарқыны бәсеңдеген соң Украина шығысындағы қарсы шабуыл тұралап тұр.

Естеріңізге салсақ, желтоқсан басында АҚШ Сенаты Украина (50 миллиард доллар) мен Израильге (14 миллиард доллар) қолдау көрсету іс-шарасын қабылдаудан бас тартқан болатын.

Американың заң шығарушы органына Украина президенті Владимир Зеленскийдің сапары да оңды әсер ете алмады.

«Конгресстің Украинаға өзін қорғауға және болашағын қамтамасыз етуге көмектесу арқылы ұлттық қауіпсіздік мүдделерімізді ілгерілету үшін мүмкіндігінше тезірек әрекет еткен дұрыс. Украиналық серіктестерімізді өз елін Ресейдің агрессиясынан қорғау үшін біздің көмегіміз өте маңызды болып тұр», - деген болатын АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен көмек пакетін жариялаған мәлімдемесінде.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91