Ресей Федерациясының Қарулы күштерінде келісімшарт бойынша қанша әскери қызмет етіп жүр?

Әскери ведомствоның материалдарында РФ Қорғаныс министрлігі келісімшарт бойынша 18-60 жас аралығындағы азаматтарды әлеуетті үміткерлер ретінде қарастырады

Нұрдәулет Кәкіш
28/12/2023 - 15:54

Фото: rod-pravo.org

Фото: rod-pravo.org

2023 жылы Ресей армиясында келісімшарт бойынша 640 мыңнан аса әскери қызмет етіп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жыл сайынғы «Армия в цифрах» жинағында көрсетілген, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 288 мыңға жуық адам келісімшарт бойынша әскери қызметке өтініш берген.

Әскери ведомствоның материалдарында РФ Қорғаныс министрлігі келісімшарт бойынша 18-60 жас аралығындағы азаматтарды әлеуетті үміткерлер ретінде қарастырады. Олардың саны 36,2 миллион адамға жетіп жығылады.

19 желтоқсанда Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу биыл 490 мыңға жуық адамның ерікті түрде келісімшарт бойынша қызметке қабылданғанын мәлімдеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41