Ақ үйдегі кездесу шамамен төрт сағатқа созылды.
Газа секторындағы Израиль армиясы шабуылының бәсеңдеуі және ХАМАС-қа қарсы операцияның тағы бір кезеңі Вашингтонда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның Израильдің Стратегиялық жоспарлау министрі Рон Дермермен келіссөздерінің басты назарында болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі СNN-ге сілтеме жасап.
Ақ үйдегі кездесу шамамен төрт сағатқа созылды.
Ақ үйдің өкілі телеарнаға хабарлағандай, тараптар соғыстың басқа кезеңіне өту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ХАМАС-тың маңызды нысандарына барынша назар аударуды көздейді.
«Тараптар сондай-ақ гуманитарлық жағдайды жақсарту және шабуыл кезінде бейбіт тұрғындарға келтіретін зиянды азайту, ХАМАС кепілге алған адамдарды босату мәселелерін қозғады. Сондай-ақ Газадағы қақтығыстардан кейінгі жағдайды жоспарлауға назар аударды», деп хабарлады CNN.
Сонымен қатар телеарна АҚШ-тың ресми өкілдері Израильден 20 мыңнан аса адам құрбан болған Газадағы үш айға жуық уақыт бойы жүргізіп келе жатқан жоғары қарқындылықтағы соғыстан бас тартуды талап еткенін хабарлады.
Өткен аптада Ақ үй журналистерге Израильдің АҚШ-ты операцияларды бәсеңдететініне сендірген, алайда нақты мерзімді атамағанын хабарлаған болатын.