2022 жылдан бастап 20 зымыран ұшырылып, 22 әскери спутник орбитаға шығарылған
Ресейдің әуе-ғарыш күштері Плесецк ғарыш айлағынан әскери серікпен жабдықталған «Союз-2.1в» зымыран тасығышын ұшырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Сәрсенбі, 27 желтоқсан күні сағат 10:03-те (жергілікті уақытпен) Архангельск облысындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік сынақ ғарыш айлағынан (Плесецк ғарыш айлағы) ғарыш әскерлерінің жауынгерлік тобымен Қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін ғарыш аппаратымен «Союз-2.1 в» жеңіл класты зымыран тасығышы ұшырылды», - делінген хабарламада.
Бұл – 2023 жылдағы РФ Қорғаныс министрлігінің мүддесі аясындағы зымыранның сегізінші ұшырылымы. Ал 2022 жылдан бастап 20 зымыран ұшырылып, 22 әскери спутник орбитаға шығарылған.