Ұлыбритания Украинаның әскери-әуе күштерінің әлеуетін арттыруға қолдау көрсетті
Корольдік Әуе күштерінде оқыған украиналық ұшқыштардың бірінші тобы қазір Ұлыбританиядағы негізгі оқу бағдарламасын аяқтап, Данияда F-16 ұшағын басқаруды үйреніп жүр. Бұл туралы Ұлыбритания үкіметі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
Жаттығулар тамыз айында басталған. Ол пилоттық және ағылшын тіліндегі авиациялық терминологияны арнайы оқытуға қатысты болды. Оқуды алты тәжірибелі украиналық ұшқыш аяқтаған. Тағы он тағылымдамашы негізгі ұшу дайындығы мен авиамедицинаны игеру үшін біраз уақыт Ұлыбританияда болады.
«Мен Корольдік Әуе күштерінің Украинаның аспанын қорғаудағы алғашқы қорғаныс шебіне айналатын украиндық ұшқыштар мен құрлықтағы қызметкерлерінің келесі буынына көрсеткен қолдауын мақтан тұтамын», - деп мәлімдеді Ұлыбритания Қорғаныс министрі Грант Шэппс.