Бір тәулік ішінде Газада 241 кісі өлімі тіркелді

Соңғы 24 сағатта Таяу Шығыста не болды?

Ануар Маратов
27/12/2023 - 15:55

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

ХАМАС-тың бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің шабуылдарынан соңғы 24 сағат ішінде кем дегенде 241 адамның қаза тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілішісі BBC-ге сілтеме жасап.

Палестина президенті Махмуд Аббас бұл соғысты өз халқына қарсы «ауыр қылмыс» деп атады.

Ал Израиль армиясының Бас қолбасшысы Герци Халеви ХАМАС-пен арадағы соғыс тағы бірнеше айға жалғасатынын мәлімдеді.

Израильдің сейсенбідегі шабуылдары туралы мәліметіне қарағанда, Газаның орталық бөлігіндегі 100-ден аса нысанға соққы жасалған.

Сәрсенбі күні таңертең де Израиль шекарасының бүкіл периметрі бойынша Газа секторынан қатты жарылыстар естілді.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 сағат ішінде 382 адам жарақат алған.

Министрліктің мәліметі бойынша, соғыстың он бірінші аптасында 21 мыңға жуық палестиналық қаза тапты. Олардың көпшілігі – балалар мен әйелдер.

Израиль премьер-министрі Газадағы соғысты ХАМАС-ты жеңгенше жалғастыратынын айтқан болатын. 

Тегтер

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16