Жапония ХАМАС-тың үш басшысына қарсы санкция енгізді

Жапония Үкіметі ХАМАС басшылығының үш мүшесіне қарсы активтерді тоқтату, төлемдерді шектеу, капиталмен мәмілелер бойынша шектеулер түріндегі шараларды мақұлдады

Нұрдәулет Кәкіш
26/12/2023 - 18:57

Фото: КТК

Фото: КТК

Жапония ХАМАС-тың үш басшысына активтерді тоқтату түрінде санкциялар енгізді. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында Жапония үкіметінің бас хатшысы Есимаса Хаяси айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Риа новости-ға сілтеме жасап.

«Бүгін Үкімет БҰҰ ҚК 1373 қарары негізінде ХАМАС басшылығының үш мүшесіне қарсы активтерді тоқтату, төлемдерді шектеу, капиталмен мәмілелер бойынша шектеулер түріндегі шараларды мақұлдады. Бұл үш адам 7 қазанда Израильге жасалған лаңкестік шабуылға қатысып, осындай лаңкестік әрекеттерге қаражат жұмсай алатын позицияны ұстанады. ХАМАС-тың қаражат көздеріне қол жетімділігін қысқарту және террористік әрекетке ақша ағындары үшін бос орындар жасамау үшін бұл активтерді тоқтату енгізілуде», - деді Хаяси.

Бұған дейін Жапония әскери экспортқа шектеулерді жеңілдететіні туралы жазылған болатын. 

Тегтер

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94