Египет Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтату жоспарын жариялады

Тараптар бұл ұсынысты салқын қабылдады

Ануар Маратов
26/12/2023 - 17:41

Фото: AP Photo/Leo Correa

Фото: AP Photo/Leo Correa

Израиль мен ХАМАС Египеттің соғысты тоқтату туралы ұсынысын салқын қабылдады. Екі тарап та жоспардан толығымен бас тартпады. Бұл Газа секторындағы Израильдің жойқын шабуылын тоқтатуға бағытталған дипломатияның жаңа раундының ықтималдығын арттырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.

«Египеттің жоспары кепілге алынғандарды кезең-кезеңімен босатуды және Газа секторы мен басып алынған Батыс жағалауды басқару үшін палестиналық сарапшылар үкіметін құруды көздейді», - деді Египеттің жоғары лауазымды шенеунігі.

Оның сөзінше, осы ұсыныстан еуропалық дипломат хабардар.

Бұл ұсынысты жасырын түрде талқылағысы келген Египет шенеунігі мұның Катармен талқыға түскеннен кейін Израильге, ХАМАС-қа, АҚШ пен Еуропа үкіметтеріне ұсынылғанын айтты.

Египет пен Катар Израиль және ХАМАС арасында делдал ретінде әрекет етеді. Ал АҚШ Израильдің ең жақын одақтасы саналады.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұл ұсынысқа тікелей түсініктеме берген жоқ. Бірақ өзінің «Ликуд» партиясының мүшелерімен сөйлескенде ол ХАМАС-пен соғысты жалғастыруға ниетті екенін айтты. 

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91