Баку Ереванға бейбітшілік шарты жөніндегі ұсыныстарға жауап берді

Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі соңғы кездері Баку Ереваннан оңды сигналдар алғанын, дегенмен Армениядан бейбітшілік процесі бойынша нақты іс-қимылдар күтетінін мәлімдеді

Нұрдәулет Кәкіш
25/12/2023 - 21:02

Фото: xalqqazeti.az

Фото: xalqqazeti.az

Әзірбайжан Арменияға бейбітшілік келісіміне қатысты соңғы ұсыныстарға жауап жіберді. Бұл туралы Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз бір ай бойы жұмыс істеген ұсыныстар пакеті Арменияға жіберілді», - деді Байрамов AZtv мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында.

Министр Армениямен келіссөздер жалғасып жатқанын айтты. Ол 2024 жылы тараптардың кездесулерін күтетінін атап өтті.

Байрамов соңғы кездері Баку Ереваннан оңды сигналдар алғанын, дегенмен Армениядан бейбітшілік процесі бойынша нақты іс-қимылдар күтетінін мәлімдеді.

«Біз расында бейбітшілік процесіне қараймыз. Бірақ бейбітшілік шарты барлық мәселенің 100 пайыз шешімі емес екенін түсінуіміз керек. Бейбітшілік шарты – бұл алдағы талқылаулардың іргетасы. Бұл Әзірбайжан мен Армения арасындағы қалыпты көршілік қарым-қатынастарды қалыптастыруға септігін тигізетін жағдай», - деп қосты министр.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85