Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ирак пен Сирияның солтүстігінде бірде-бір террор құрылымына рұқсат бермейтінін айтты
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Пенче-Килит операциялық аймағы мен Сирияның солтүстігінде осы уақытқа дейін 12 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ге сілтеме жасап.
«Кеше Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші сатқындар тарапынан жасалған шабуылдарда шейіт болған батыл сарбаздарымызға Алланың рақымын тілейміз. Сарбаздарымыздың қаны жерде қалған жоқ, төгілген қан үшін опасыз террористтер жауапқа тартылды. Пенче-килит операциялық аймағы мен Сирияның солтүстігінде қазірге дейін 12 террорист залалсыздандырылды», - деді Ердоған Стамбул Лүтфи Кырдар халықаралық конгресс және көрме орталығында өткен «Ғасырдың өзгеруі Стамбул бағдарламасы» аясында.
Сонымен қатар Ердоған соңғы террорист жойылғанға дейін Түркия Қарулы күштері лаңкестердің көзін жою стратегиясын табандылықпен жүзеге асыруды жалғастыратынын, Ирак пен Сирияның солтүстігінде бірде-бір террор құрылымына рұқсат бермейтінін айтты.