АҚШ-та 48 жыл түрмеде жазықсыз отырған адам ақталып шықты

Ол қазір қатерлі бауыр ісігіне шалдыққан

Sarbaz.kz редакторы
22/12/2023 - 16:37

Фото: АР

Фото: АР

АҚШ-та Оклахома штатының судьясы 48 жыл түрмеде жазықсыз отырған Глинн Симмонсты ақтап шықты. Бастапқыда оған өлім жазасы кесілген болатын. Бұл АҚШ-тағы заңсыз үкім шығару арқылы өткізілген ең ұзақ мерзім, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

BBC агенттігінің хабарлауынша округтік сот 70 жастағы Глинн Симмонстың ісіне қатысты маңызды дәлелдер оның адвокатына берілмеген деген шешім қабылдады. Осыдан кейін барып оны босату туралы үкім шығарады.

Сол сияқты округтік оның ісінде маңызды дәлелдер жеткіліксіз деп мәлімдеді. Ал өткен сейсенбі күні судья Эми Палумбо Симмонсты кінәсіз деп жариялады.

«Ұсынылған айқын және сенімді дәлелдерден кейін сот Симмонстың сотталып, түрмеге қамалуына себеп болған қылмысты оның жасамағанын анықтады», - деді Оклахома округінің судьясы Эми Палумбо.

Глинн Симмонс 1974 жылы Оклахома-Сити маңындағы шарап дүкенін тонау кезінде Кэролайн Сью Роджерсті өлтірді деген айыппен 48 жыл, бір ай және 18 күн түрмеде отырды.

1975 жылы Симмонстың 22 жасында өзімен бірге осы іске қатысы бар деген күдікті Дон Робертс екеуі айыпталып, өлім жазасына кесілген.

Кейінірек АҚШ Жоғарғы сотының өлім жазасы туралы үкімінің нәтижесінде бұл үкім өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Симмонс кісі өлтіру кезінде өзінің Луизиана штатында болғанын, өзінің кінәсіздігін үнемі айтып келді.

Сейсенбі күні сот оның кінәсіздігін жариялағанда, Симмонс еріксіз күлімдеді. Сәлден кейін ол журналистерге ақырын ғана сыбырлап, осы сәтті өте, өте ұзақ уақыт бойы күткенін айтты.

«Болған іс болды. Бірақ ең болмағанда осы үшін жауапкершілік болуы керек», - дейді ол.

Шілде айында округтік сот айыптау үкімін жойып, прокуратура адвокаттарға барлық материалды бермегенін айтты. Сол сияқты оның ішінде куәгердің басқа күдіктілерді де айтқанын анықтаған.

Оклахомада жазасын өтеп жатқан заңсыз сотталған адамдар 175 000 долларға дейін өтемақы алуға құқылы.

Оның ісіне қатысты GoFundMe қаражат жинау бойынша ашылған сайтта Симмонс қазір қатерлі бауыр ісігіне шалдыққан. Оның күнделікті шығындары мен химиотерапиясын төлеу үшін мыңдаған доллар жиналған.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85