Ким Чен Ын баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген соң АҚШ-қа ескерту жасады

Зымыран АҚШ-тың кез келген бөлігіне соққы беруге қауқарлы

Ануар Маратов
20/12/2023 - 15:09

Фото: Кореяның орталық ақпарат агенттіғі

Фото: Кореяның орталық ақпарат агенттіғі

Солтүстік Корея сейсенбіде «Хвасон-18» қатты отын құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгенін растады. Ал көшбасшы Ким Чен Ын сынақтан кейін Вашингтонға ескерту жасады, деп Sarbaz.kz тілшісі хабаралайды Yonhap-қа сілтеме жасап.

«Дұшпанның күштері КХДР-ға қарсы әскери қауіп төндіретін ауыр жағдайда ескерту шарасы ретінде жүргізілді», - деді Солтүстік Кореяның орталық ақпарат агенттігі.

Зымыран жапон теңізіне түскенге дейін 4415 секундта 1002,3 км қашықтықта, 6518,2 км биікте ұшты.

Сарапшылардың айтуынша, зымыран 15000 км-ден астам қашықтыққа ұшады, бұл қалыпты траектория. Тиісінше Америка Құрама Штаттарының кез келген бөлігіне соққы беруге қауқарлы.

Ким бұл ұшырылымға үлкен ризашылығын білдірді.

«Бұл КХДР қарулы күштерінің иелігіндегі ядролық соғысты тоқтатудың орасан зор мүмкіндігі, абсолютті құралының нақты жағдайы және сенімділігінің көрінісі», - деп мәлімдеді орталық ақпарат агенттігі.

Оңтүстік Кореяның, АҚШ-тың және Жапонияның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшыруын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын өрескел бұзу деп айыптады.

Айта кетейік, Солтүстік Корея 18 желтоқсан күні баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл «Хвасон-18» зымыранының 2023 жылғы үшінші ұшырылымы болды.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08