Ресей алаңдап отыр: АҚШ Польшада зымыранға қарсы жүйені қолданысқа енгізді

АҚШ Еуропаның зымыран қорғанысын күшейтіп жатыр

Ануар Маратов
19/12/2023 - 16:35

Фото: Defence News; Румыниядағы Aegis Ashore зымырандарға қарсы кешені

Фото: Defence News; Румыниядағы Aegis Ashore зымырандарға қарсы кешені

АҚШ Әскери-теңіз күштері Польшаның Слупск қаласы маңындағы Редзиково елді мекенінде Aegis Ashore зымыранға қарсы кешенін ресми түрде пайдалануға берді, деп Sarbaz.kz тілшісі Defence24 агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Aegis Ashore негізінен АҚШ теңіз күштеріндегі Арли Берк типті эсминецтерде және Тикондерога типті крейсерлерде қолданылатын Aegis кемелік жауынгерлік жүйесінің жердегі нұсқасы.

Aegis жүйесі арнайы SM-3 зымырандарын қолданады және 250 км биіктегі нысаналарды, мәселен баллистикалық зымырандарды жоя алады. Алайда, Mk.41 қондырғысы SM-3 зымырандарымен қоса Томагавк қанатты зымырандарын да ұшыра алады. Басылымның жазуынша бұл жағдай Ресейді алаңдатып отыр.

Қазіргі таңда НАТО-ның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің элементтері Польшада, Румынияда және Түркияда орналасқан.

Ресей Федерациясы АҚШ-тың Еуропада зымыран қорғанысының ортақ жүйесін құруын агрессивті әрекет деп санайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85