Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
«Canadair» компаниясының өрт сөндіруші ұшағы Грекияның Эвбея аралында өрт сөндіру кезінде Каристос қаласы маңына құлады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі News 24/7 сайтына сілтеме жасап.
Ұшақта екі ұшқыш болған. Олардың бірі – 26 жаста. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ұшақ құлағаннан кейін бірден әуе күштері жарылыс салдарынан туындаған өртті сөндіру үшін суды әуеден шаша бастаған. Себебі апат болған жерге өрт сөндіру көліктері жете алмайды.
Еске салайық, Грекияда орман өртеніп жатыр. 19 мың шетелдік Родос аралынан эвакуациялануда.
Ел билігі жаңа өрттің шығу қаупі өте жоғары екенін ескертеді. Өйткені аптап ыстық әлі басылмауы ықтимал.