Газадағы ахуал: жалаңаш әрі қорланған палестиналықтардың жағдайы наразылық тудырды

Тіпті АҚШ-тың өзі Израильдің бұл әрекетін құптамады

Ануар Маратов
14/12/2023 - 22:58

Фото: Yossi Zeliger/Reuters

Фото: Yossi Zeliger/Reuters

Іш киімге дейін шешінген, байланған және көздері жабылған палестиналық ерлердің суреттері әлеуметтік желіліерде қызу пікірталас тудырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Washington Post агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен аптада фотосуреттер мен видеолар X (бұрынғы Twitter), Facebook және басқа желілерде жарияланған. Оларды «Газада тұтқынға түскен ХАМАС-тың ондаған терроры» деп Jerusalem Post жазды.

Washington Post басылымының мәліметінде мұндай ақпараттар жоққа шығарылғаны жазылды. Себебі Газада тұратын фото-видеолардан өз туыстарын анықтады. Олардың кейбірі босатылды. Құқық қорғаушылар Израиль әскерінің бұл әрекеті палестиналықтарды қорлау және адамгершіліктен жұрдай ақадам деп айыптады.

Тіпті Израильдің ең жақын одақтасы саналатын Америка Құрама Штаттарының өзі бұл суреттерді қатты алаңдаушылық туғызады деп атады.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4