Бұл кемелер Украинаның Ресейге қарсы тұруына үлкен көмек бола ма?
Ұлыбритания Украинаның әскери-теңіз әлеуетін нығайту үшін Киевке екі мина сүзгіш кемесін тапсырады. Бұл туралы Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Қорғаныс министрі Грант Шаппстың айтуынша бұл кемелер Украинаның Ресейге қарсы тұруына үлкен көмек болады.
Корольдік Әскери-теңіз күштері Украинаға екі мина сүзгіш кемелерін беру үшін біраздан бері дайындалды. Оларды жеткізу мүмкіндігі 2022 жылдың ақпанында Ресеймен қақтығыс басталғанға дейін қарастырылған.
Осы жылдың жазында Корольдік Әскери-теңіз күштері украиналық экипаждарға кемелерді пайдалануды үйретті.
Алайда, бұл техникалардың Қара теңізге қалай және қашан кіретіні әзірге белгісіз.