Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 миллиард долларға көп
АҚШ Конгресінің Сенаты Ұлттық қорғаныс туралы заң деп аталатын 2024 қаржы жылына арналған елдің қорғаныс бюджетін көпшілік дауыспен мақұлдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
2024 қаржы жылына арналған бюджеттің түпкілікті келісілген нұсқасы ұлттық қорғанысты 886 миллиард долларға қаржыландыруды көздейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 миллиард долларға көп.
Енді құжат Өкілдер палатасына түсуі керек, онда ол кідіріссіз қабылданады деп күтілуде. Заң шығарушылар бюджет аптаның соңына дейін екі Палатадан өтіп, президент Джо Байден қол қояды деп үміттенеді.