Құранды өртеу әрекеті: Алжир Дания мен Швецияға наразылық білдірді

Құранды өртеу әрекеттері Ирактың Копенгагендегі елшілігінің ғимаратында өткен болатын

Нұрдәулет Кәкіш
25/07/2023 - 20:34

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Құранды өртеу әрекеттеріне наразылық білдірген Алжирдің Сыртқы істер министрлігіне Дания елшісі мен Швецияның уақытша сенімді өкілі шақырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Алжир СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Копенгаген мен Стокгольмде қасиетті Құранды өртеу актілерінің көбеюіне байланысты Сыртқы істер министрлігі Данияның Алжирдегі елшісін және Алжирдегі Швеция елшілігінің уақытша сенімді өкілін Алжирдің мұсылман дінін қорлайтын және бүкіл әлем мұсылмандарын арандататын осы азғындық әрекеттерге наразылығын білдіру үшін шақырғанын жариялады», - делінген Алжир СІМ хабарламасында.

Алжир тарапы екі дипломатқа да мұндай шектен шыққан мінез-құлықтың сөз бостандығына ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады.

«Сөз бостандығын желеу етіп, мұндай әрекеттерді ұйымдастырушыларды қорғауға жол берілмейді», - делінген құжатта.

Алжир билігі екі елді де халықаралық құқықтық нормаларға қайшы келетін әрекеттерді тоқтату үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Өткен аптада Ирак билігі мұсылман елдерін Скандинавия елдеріндегі Құран өртеген әрекеттерге жауап беруге үндеді. Стокгольм полициясының Құранды өртеу жоспарланған акциясын өткізуге рұқсатына жауап ретінде Бағдадтағы наразылық білдірушілер Швеция елшілігіне шабуыл жасағаннан кейін жағдай күрделене түсті.

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа Ас-Судани Ирактың Швециядағы елшісі мен Ирактың уақытша сенімді өкілін Стокгольмнен елге қайтару туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге салсақ, Құранды өртеу әрекеттері Ирактың Копенгагендегі елшілігінің ғимаратында өткен болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41