«Газада 70 БАҚ өкілі қаза тапты»: Ердоған Нетаньяхудың сотталатынын айтты

Режеп Тайып Ердоған «TRT World Forum 2023» форумында әлемнің атақты БАҚ ұйымдарын айыптады

Нұрдәулет Кәкіш
11/12/2023 - 21:49

Фото: TRT

Фото: TRT

Газада 70-тен астам БАҚ өкілі қаза тапты. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «TRT World Forum 2023» форумында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап.

«Түркия бұдан әрі қантөгіс пен көз жасын болдырмау үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын. Бүгінде жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты халықаралық ұйымдардың проблемаларды шешу мүмкіндіктері жоқ екенін көрдік», - деді Ердоған «TRT World Forum 2023» форумында.

Президент Ердоған Израильдің премьер-министрі Нетаньяху мен оның жақтастары Гаага сотында міндетті түрде сотталатынын айтты.

«Газада 70-тен аса БАҚ өкілі қаза тапты. Әлем елдері қайда қарап отыр? Әлемнің атақты БАҚ ұйымдары қайда? Неліктен олар үндемейді? Жаһандық медиа басшылары ХАМАС-ты сылтау қылып, Газадағы қатыгездікке көз жұмып, журналистердің өлтірілуін заңдастыруға тырысуда. Барлық жабайылығына қарамастан газалықтардың тойтарыс күшін жеңе алмаған Израиль ақпарат құралдары үгіт-насихат соғысында жеңіліске ұшырауда. TRT, Анадолы агенттігі және басқа да медиа ұйымдарымызды Газадан әлемге маңызды байланыс дәлізін ашқаны үшін құттықтаймын!» - деді Түркия президенті.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91