Лаңкестік шабуыл Хаштан Тафтанға барар жолда болған
Иранның оңтүстік-шығыс провинциясындағы Систан мен Балужистанда лаңкестік топтың қарулы шабуылынан жол полициясының төрт қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Tasnim ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Лаңкестік шабуыл құрбандарының есімдерін жария еткен агенттік шабуылдың Хаштан Тафтанға барар жолда болғанын хабарлады.
«Бұл лаңкестік шабуылда жол полициясының Мехди Аллахпур, Реза Эсмаили, Мұхаммед Реза Шейхи және Хасан Вахиди өлтірілді», - делінген хабарламада.
Елдің күш құрылымдары қылмыскерлерді іздестіруде. Қарулы топтардың ешқайсысы әзірге бұл шабуыл туралы жауапкершілікті өз мойнына алмаған.
Систан мен Белуджистан – Иранның 31 провинциясының бірі. Елдің оңтүстік-шығысында Ауғанстанмен және Пәкістанмен шекаралас аймақта орналасқан.