Блинкен АҚШ-тың Қытаймен тұрақты қарым-қатынасқа ұмтылыс жасағанын мәлімдеді

Блинкен маусым айында Қытайға барды

Нұрдәулет Кәкіш
24/07/2023 - 18:54

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтон Бейжіңмен қарым-қатынасты тұрақтандыру үшін жұмыс істеп жатқанын және кез келген жанжалдан аулақ болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

«Біз тұрақты қарым-қатынас орнату, бәсекелестіктің жанжалға айналмауы жолында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Блинкен CNN арнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол АҚШ-тың Қытаймен байланыс арналарын күшейтуге ұмтылатынын айтты. Оның айтуынша, Бейжіңмен қырғи-қабақ болу қай тараптың болмасын, мүддесі үшін тиімсіз.

Маусым айында Қытайға барғанын тілге тиек еткен Блинкен:

«Менің қытайлық әріптестерге айтқаным түсінікті шығар. Яғни Қытай тарапы бізге ұнамайтын нәрселерді істеп, айта берсе, біз де оларға ұнамайтын нәрселерді жасап, айтудан танбаймыз», - деп атап өтті.

Биылғы ақпанда Америка өз аумағының үстінен Қытай аэростатын атып түсіргеннен кейін АҚШ-Қытай қарым-қатынасы шиеленісе түскен болатын. Алайда Вашингтон Блинкеннің маусым айындағы Бейжіңге сапарының нәтижесінде тараптардың екіжақты қарым-қатынасын біраз жетістік санап отыр.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85