Бұл техника түрлеріне қаражат табыла ма?
Украина Ресеймен күресу үшін АҚШ-тан қажет деп санайтын қару-жарақтардың соңғы тізімін берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл тізімде күрделі әуе қорғанысы жүйелері, F-18 «Хорнет» жойғыштары, дрондар, Apache және Blackhawk тікұшақтары бар.
Украинаның қорғаныс министрлігінің өкілдері Вашингтонда өткен мемлекеттік шенеуніктер мен қорғаныс өнеркәсібінің басшылары қатысқан конференцияның жабық отырысында «Украинаның қорғаныс күштерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қару-жарақ тізімін» жариялады.
Сол сияқты толық тізімге «Абрамс» танктері және 155 мм артиллерия, сондай-ақ ол бұрын сұраған F-16 жойғыш ұшақтары, дрондар және ұзақ қашықтықтағы ATACMS зымырандары сияқты кейбір қару-жарақтар кірді.
F-18 «Хорнет» жойғыш ұшағы. Фото: AҚШ әскери-теңіз флоты
Бірақ тізімде әдеттегіден тыс техника түрілері де бар. Оның ішінде C-17 Globemaster, C-130 Super Hercules көлік ұшақтары, Apache шабуылдаушы тікұшақтар, сондай-ақ Black Hawk тікұшақтары сияқты қымбат техника түрлері бар.
Reuters Украина F-18 «Хорнет» жойғыш ұшақтарын, дрондардың үш түрі, соның ішінде MQ-9B Sky Guardian және Terminal High Altitude Area Defence (THAAD) әуе/зымыран қорғанысы жүйелерін сұратқанын да жариялады.
THAAD зымыран қорғаныс жүйесі. Фото: MDA
Айта кетейік, Украинаның қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын 60 миллиардтық көмек туралы заң жобасын АҚШ сенаты бұғаттады.