Теңіз авиациясының 30-дан аса ұшағы болды
Жапон теңізінің су аймағында өткен «Солтүстік/өзара әрекеттесу-2023» Ресей-Қытай әскери-теңіз жаттығулары аяқталды, деп мәлім етті Тынық мұхиты флоты. Әскери оқу-жаттығу барысында 20-ға жуық жауынгерлік жаттығу орындалды. Оның ішінде теңіз, жағалау және әуе нысандары бойынша бірлескен артиллериялық атыстар өткізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Флоттың баспасөз қызметі оны аяқтағаннан кейін Ресей мен Қытайдың кемелері Владивостокқа бағыт алғанын хабарлады.
Тынық мұхиты флотының мәліметтері бойынша оқу-жаттығу барысында экипаждар бірлесіп, суастына қарсы міндеттерді және теңіз шайқасын жүргізуді, әуе шабуылына қарсы қорғанысты пысықтады. Қорғалмаған рейдте тұру кезінде кемелер жасақтарын күзету мен қорғауды ұйымдастыру дағдыларын жетілдірді.
20 шілдеде басталған Жапон теңізінің су аймағындағы Ресей-Қытай бірлескен жаттығуының негізгі мақсаты Ресей Федерациясы мен ҚХР арасындағы Әскери-теңіз ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағында тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау болды.
Ресей әскери-теңіз күштері жаттығуда Тынық мұхиты флотының «Адмирал Трибутц» және «Адмирал Пантелеев», «Ресей Федерациясының Батыры Алдар Цыденжапов» және «Гремящий» корветтерін, сондай-ақ бірқатар кемесін қолданды.
Ал Қытай Халық Республикасы Халық-азаттық армиясының қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінен «Цицикар» және «Гуйян» эскадрильялық жойғыштары, «Заочжуан» және «Чижао» күзет кемелері, «Тайху» кешенді жеткізілім кемесі тартылды.
Сондай-ақ маневрлерге екі жағынан 30-дан аса теңіз авиациясының ұшақтары, оның ішінде суастына қарсы ұшақтар мен тікұшақтар, истребительдер де болды.