Жағдай одан әрі шиеленісе ме?
Венесуэла президенті Николас Мадуро 6 желтоқсан күні елдің ұлттық ассамблеясын Гайана мемлекетімен даулы Гайана-Эссекибо аумағын қорғау туралы заң қабылдауға шақырды. Бұл заң Эссекибо өзенінің батысында Венесуэланың жаңа штатын орнатады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде Бразилия қарулы күштері Венесуэла мен Гайана шекарасына қосымша күштер жіберілетіні туралы хабарлады.
Аумақтық дау. Венесуэла мен Гайана арасындағы Гайана-Эссекибо деп аталатын аумақ үшін дау XIX ғасырдан басталып, 100 жылдан астам уақытқа созылып келе жатыр. Бұл аумақ Гайананың үштен екісінен астамын құрайды, онда жалпы 800 мыңнан астам халықтың 283 мыңы тұрады.
Венесуэла – жасыл, Гаяна қызыл түспен белгіленген. Ортасында – даулы аумақ. (Wikipedia)
2023 жылдың 19 қыркүйегінде мұнай мен газ кен орындары ашылғаннан кейін Гайана шетелдің алты мұнай компаниясына Венесуэламен арадағы даулы аймақта бұрғылау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді.
Бұған жауап ретінде Венесуэла 3 желтоқсан күні Гайана-Эссекибо аймағына деген талаптарын қолдау мақсатында референдум бастады.
Алдын ала нәтижелер бойынша, референдумға қатысқан венесуэлалықтардың басым көпшілігі (шамамен 95 %) даулы аумақты Венесуэлаға қосуға дауыс берді.
1966 жылы екі ел даудың бейбіт шешімін табу туралы Женева келісіміне қол қойды, бірақ 2018 жылы Гайана БҰҰ Халықаралық сотына талап арыз берді. Онда ол соттан 1899 жылғы төрелік шешімді заңды түрде мақұлдауын сұрайды, ал бұл елге аумақты абсолютті бақылауға мүмкіндік береді.
Бразилия шекара дауында Гайананы толық қолдайды. Бұл мемлекет қарулы қақтығысты болдырмау үшін осы елдер арасында делдал болуға тырысты. АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілдері Гайанаға 2023 жылдың қараша айының соңында баруды жоспарлаған. Ал Гайана өз аумағына шетелдік әскери базаларды орналастыруды ұсынды. Қараша айында Бразилияның Құрлық әскерлері Венесуэланың Гайанаға басып кіруі туралы болжам жасап, екі елдің шекарасына қарай әскелерді жіберуді бастады.
Қазіргі уақытта, референдумға байланысты даулы аймақты Гайанадан күшпен бөліп алу үшін Венесуэланың қарулы күштерінің шабуылдау қаупі жоғары.