Грекия үкіметі бұл ел тарихындағы ең ауқымды операция болғанын жеткізді
Грек билігі табиғи өрттен зардап шеккен Родос аралында 19 мыңға жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 16 мың адамды аралдан әуе арқылы, ал тағы 3 мың адамды теңіз арқылы шығаруға мүмкіндік туды. Бұл – 12 ауылда және бірқатар қонақ үйде тұратын адамдар. Грекия үкіметі бұл ел тарихындағы ең ауқымды операция болғанын жеткізді.
Қазіргі уақытта 266 өрт сөндіруші мен 49 арнайы техника орман өрттерімен күрес жүргізіп жатыр. Оларға әуеден он ұшақ көмек көрсетуде. Олардың жетеуі грек ұшағы болса, екеуі – түрік және біреуі хорват ұшағы.
Грекияны соңғы күндері әдеттен тыс ыстық толқын шарпыды. Бұл Родос пен елдің басқа бөліктеріндегі табиғи өрттердің себептерінің бірі болды.