Нигер Еуропа Одағымен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты тоқтатады

Ресей Африкадағы ықпал ету аймағын кеңейтуде

Ануар Маратов
05/12/2023 - 16:31

Фотода Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуров және Нигер Қорғаныс министрі Салифу Моди. Дереккөз: Арабская Африка, Telegram

Фотода Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуров және Нигер Қорғаныс министрі Салифу Моди. Дереккөз: Арабская Африка, Telegram

Нигердің әскери басшылығы дүйсенбіде Еуропа Одағымен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты тоқтатады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеде «Нигердегі еуропалық қауіпсіздік және қорғаныс саясаты миссиясының мәртебесіне қатысты ЕО-мен келісімнен бас тартады» делінген.

Сонымен қатар, мәлімдемеде «Африка елі ЕО-ның әскери ынтымақтастық миссиясын орналастыру туралы келісімнен шығады» деп айтылған.

ЕО-ның EUCAP Sahel Niger миссиясы 2012 жылы Нигердің ішкі қауіпсіздік секторын нығайту мақсатында құрылды.

ЕО-мен ынтымақтастықты тоқтату Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуровтың сапары барысында белгілі болды. Яғни осы кездесуде қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы құжатқа қол қою аясында айтылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85