Путин Ресей әскерінің санын арттыру туралы жарлыққа қол қойды

Әскери қызметшілердің саны 170 мыңға көбейеді

Ануар Маратов
04/12/2023 - 21:29

РИА Новости

РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин елдің қарулы күштерінің жалпы штаттық санын 2 209 130 бірлікке ұлғайту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей Қарулы Күштерінің шекті саны 170 мың-ға артты, деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Бұл процесс келісімшарт бойынша қызмет еткісі келетін ресейліктердің есебінен кезең-кезеңімен жүретіні атап өтілді.

«Осыған байланысты азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отырған жоқ. Мобилизация қарастырылмаған», - деп атап өтті ведомство.

2022 жылдың тамыз айында Владимир Путин қарулы күштердің санын 2,04 миллионға, оның ішінде әскери қызметкерлер санын 1,15 миллионға жеткізілуі туралы жарлыққа қол қойған.

Тегтер

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04