Украинаға биыл жіберілуі тиіс жаңа зымырандар келесі жылға қалды

GLSDB снарядтары 160 шақырымға дейін ұша алады

Ануар Маратов
01/12/2023 - 21:38

Фото: Boeing

Фото: Boeing

Пентагонның мәліметі бойынша, Украина биыл АҚШ-тан жіберілуі тиіс 160 км-ға дейін соққы беруге бейімделген реактивті бомбалардың алғашқы ірі партиясы келесі жылға қалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Boeing 2022 жылдың күзінде АҚШ әкімшілігіне компаниядан сатып алуды және Украинаға GLSDB снарядтарын жеткізуді ұсынды. Содан кейін Киевке 2023 жылдың көктемінде жіберіледі деп болжанған. Ақпан айында жеткізілім жыл соңына дейін жүзеге асырылатыны хабарланған. Reuters мәліметінше, GLSDB өндірісін бастау туралы келісімшартқа тек наурыз айында қол қойылғандықтан, мерзімдер кейінге қалдырылды.

Украинаға АҚШ жіберген 160 шақырымдық ATACMS  зымырандарының санын көбейту үшін GLSDB қажет. Бұл Украинаның әскери күштеріне АҚШ-тың жоғары мобильді зымыран жүйесінің (HIMARS) ұшыру қашықтығын екі есе ұзартуға мүмкіндік береді және Ресейді майдан шебінен жылжытуға мәжбүр етеді.

GLSDB шведциялық SAAB AB және Boeing Co компанияларымен бірлесіп шығарылады. SAAB веб-сайтына сәйкес, ол GPS арқылы басқарылады, кейбір электронды кедергілерге төтеп бере алады, барлық ауа райында қолдануға жарамды және бронды машиналарға қарсы қолданылуы мүмкін.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91