Армения Таулы Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі ретінде қандай жағдайда мойындайды?

Арменияның сыртқы істер министрі мәлімдеме жасады

Ұлас Үсенбай
21/07/2023 - 21:44

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Армения Таулы Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі ретінде тануға дайын. Бірақ онда тұратын армян халқының қауіпсіздігі мен құқықтары туралы мәселелер шешілуі керек. Бұл туралы Венадағы ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің арнайы отырысында Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Interfax.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Біз аймақтағы тұрақты бейбітшілік мүмкін екеніне сенімдіміз. Егер тараптар қақтығыстың түпкі себептерін жоюға барынша дайын болса, бұл жағдай мүмкін болады. Осыған байланысты Таулы Қарабақтың армян халқының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесі шешуілуі керек», - деді Армения СІМ басшысы.

Ел премьер-министрі Никола Пашинянның мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Мирзоян Армения «Таулы Қарабақты қамтитын 86 600 шаршы шақырымдық Әзербайжан аумағын мойындауға дайын, бірақ Таулы Қарабақ армяндарының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесі халықаралық механизм аясында Степанакерт - Баку диалогы арқылы талқылануы керек екенін», - деп атап өтті.

«Әзербайжанның аумақтық тұтастығын мойындау Таулы Қарабахта этникалық тазарту үшін артықшылық ретінде дұрыс түсіндірілмеуі және қолданылмауы керек», - деп қосты Арарат Мирзоян.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Армения мен Әзербайжан АҚШ-та бейбіт келіссөздер жүргізді. Екі елдің СІМ басшылары әлеуетті бейбітшілік шартының элементтері туралы пікір алмасты және әлі де шешуді қажет ететін бірқатар проблемалар бар екенін айтты.

2023 жылғы мамырда ЕАЭО-ның Мәскеудегі саммитінде Ереван мен Баку аумақтық тұтастықты өзара тануға келісті.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85