Канада 5,9 млрд долларға әскери ұшақтар сатып алады

Канада P-8A Poseidon ұшақтарының 14 данасын сатып алады

Ануар Маратов
01/12/2023 - 15:57

Канада әскері 2026 жылы құны 5,9 млрд АҚШ долларын құрайтын мәміле арқылы Boeing шығарған P-8A Poseidon ұшақтарын сатып ала бастайды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Defence News-ке сілтемемен.

Канада осы жылдың басында АҚШ-тан P-8 бағасы туралы ресми сұраныс жасаған. Осыған байланысты Канаданың министрлер кабинеті, оның ішінде қорғаныс министрі Билл Блэр 30 қараша күні ресми мәлімдеме жасады.

Канада бастапқыда P-8A Poseidon ұшақтарының 14 данасын сатып алады, оған қосымша 2 ұшаққа тапсырыс беру мүмкіндігі болады.

Билл Блэр барлық ұшақтар 2027 жылдың күзіне дейін жеткізілуі керек екенін, ал ұшақтар паркі 2033 жылға дейін пайдалануға дайын болатындығын айтты.

P-8A 40 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан қазіргі канадалық CP-140 Aurora теңіз патрульдік ұшағын ауыстырады.

P-8 Poseidon – Boeing компаниясы шығаратын патрульдік және сүңгуір қайықтарға қарсы ұшақ. Қазіргі кезде АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Үдістан, Норвегия, Оңтүстік Корея елдерінің қарулы күштері қару ретінде қабылдаған.

Тегтер

×

Редакция

$ 480.55  533.75  5.36