Израиль Палестинаның қанша азаматын тұтқында ұстап отыр?

Олардың арасында 41 журналист бар

Ануар Маратов
27/11/2023 - 18:03

Фотолар ашық дереккөзден

Фотолар ашық дереккөзден

Израиль әскері Иордан өзенінің Батыс жағалауында қамауға алған палестиндіктер саны 3,2 мыңға жетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Al Jazeera-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Палестина тұтқындары мен бұрынғы тұтқындардың істері жөніндегі комиссияның есебіне сәйкес, ұсталғандардың қатарында 41 журналист бар және комиссияның пікірінше, 29 БАҚ қызметкері әлі де қамауда отыр.

Оккупацияланған территорияларда ұсталғандарға келер болсақ, олардың саны тұтқындалған палестиналықтардан 7 мыңға артық. Комиссияның баяндамасында сотталғандардың арасында 200-ден астам бала мен 80-ге жуық әйел, сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж жүздеген науқас және жараланған адамдар бар екендігі айтылған.

Айта кетейік, осыған дейін Израиль бір күнде 39 палестиналықты босатқанын, ал дүйсенбіде тағы 40 адамды жіберуге ниетті екенін хабарлаған болатынбыз.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22