ХАМАС 13 израильдікті палестиналық 39 тұтқынға айырбастады

Бостандыққа шыққандарды қалың жұрт күтіп алды

Админ
26/11/2023 - 18:26

timesofisrael.com

timesofisrael.com

Израиль 39 палестиналық тұтқынды ХАМАС еркіне қоя берген 13 израильдікке айырбастады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Times of Israel сайтына сілтеме жасап.

ХАМАС Израильге қайтарған тұтқындардың ішінде тоғыз жасар Эмили Хэнд де бар. Бүгін ол отбасына оралды.

Жексенбі күні кешке екі жақтан кепілге алынған үшінші топты босату жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Израиль ХАМАС-пен келісім бойынша, кепілге алынған алғашқы 13 израильдіктің босатылуына жауап ретінде 39 палестиналық тұтқынды босатқан болатын.

Өзара тұтқын алмасу — Израиль мен ХАМАС арасындағы төрт күндік бітім аясында болып жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22