Еуропаның оңтүстік-шығысында қатты ыстық дауылға ұласты

Загребте қатты жауын-шашын су деңгейінің кенеттен көтерілуіне себеп болды

Ұлас Үсенбай
21/07/2023 - 16:21

Фото: Euronews.com

Фото: Euronews.com

Хорватия, Словения және Босния мен Герцеговина елдерінде кем дегенде бес адам қайтыс болды. Белградта әуежай уақытша жабылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Еuronews сайтына сілтеме жасап.

Еуропаның оңтүстік-шығысында және Балқан елдерінде қатты найзағай болды. Қатты дауыл мен жаңбыр Сербияда да болды. Қаланың кейбір аудандары жарықсыз қалды, ал Белград әуежайы уақытша жабылды.

Метеорологтар ауа райы қаупі жақын арада сақталатынын ескертеді. Аймақтағы оқиғаның құрбаны кем дегенде бес адамға жетті. Олар Хорватия, Словения және Босния-Герцеговина елдерінде желден құлаған ағаштардың салдарынан қайтыс болған. Ондаған адам зардап шекті.

Хорватия астанасы Загребте қатты жауын-шашын су деңгейінің кенеттен көтерілуіне себеп болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалалық көлік қозғалысы тоқтатылып, электр қуаты үзілген.

Словенияда ондаған мың адам электр қуатынсыз қалды, туристер лагерьлерден эвакуацияланды. Өйткені қатты жел олардың шатырларын құлатты. Қолайсыз ауа райы биік таулы ормандарға ең көп зиян келтірді және билік альпинистерді осы аймақтардан аулақ болуға шақырады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85