Ресейдің бұған қандай қатысы бар?
Соху ғарыш айлағындағы жаңа типтегі «Чоллима-1» зымыран тасығышының көмегімен Солтүстік Кореяның алғашқы тыңшы спутнигі «Маллиген-1» Жер орбитасына шығарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік Корея сәрсенбіде тыңшы спутникті үшінші әрекетінен кейін орбитаға сәтті шығарғанын айтты. Бұл елдің Америка Құрама Штаттарымен ұзаққа созылған шиеленіс кезінде ғарышқа негізделген бақылау жүйесін құруға деген шешімін көрсетті.
Аталмыш агенттіктің ақпаратына сүйенсек Солтүстік Кореяның мәлімдемесін дереу дербес растауға мүмкіндік жоқ, бірақ ұшыру Америка Құрама Штаттары мен олардың серіктестерінің қатты айыптауына себеп болғаны сөзсіз. Себебі БҰҰ Солтүстік Кореяға спутниктерді ұшыруға тыйым салып, оларды зымыран технологиясын сынау үшін сылтау деп санайды.
Осыған дейін батыс БАҚ Ресей Федерациясының Қарулы күштері үшін КХДР-дан артиллериялық снарядтардың жеткізілуінің бір шарты – Ресейдің Солтүстік Кореяға спутниктерді ұшыруға көмектесу екенін хабарлады.