Хакерлер АҚШ-тың Қытайдағы елшісінің электрондық поштасына бұзып кірді

Бұл кибершабуылдар АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Бейжіңге маусым айындағы сапарынан бірнеше апта бұрын тіркелген

Sarbaz.kz редакторы
21/07/2023 - 15:05

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

ҚХР-мен байланысты хакерлер Бейжіңдегі америкалық елші Николас Бернстің электрондық поштасын бұзып, АҚШ билігінің жүздеген мың хаттарына қол жеткізген болуы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Бейжіңмен байланысты хакерлер АҚШ-тың Қытайдағы Елшісі Николас Бернстің электрондық поштасына бұзып кірді. Хакерлер АҚШ шенеуніктерінің кем дегенде жүздеген мың электрондық хаттарына қол жеткізуі мүмкін», - деді басылымға сұхбат берушілердің бірі.

Сондай-ақ хакерлер АҚШ Мемлекеттік департаментінде Шығыс Азия бағыты бойынша жетекшілік ететін шенеуніктің электрондық поштасының есеп жазбасын да бұзған болуы мүмкін.

Шілде айының басында америкалық БАҚ Мемлекеттік департамент пен АҚШ Сауда департаменті шенеуніктерінің электрондық пошта есеп жазбасына қытайлық хакерлердің шабуыл жасағанын хабарлады.

Бұл кибершабуылдар АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Бейжіңге маусым айындағы сапарынан бірнеше апта бұрын тіркелген. Microsoft бұған дейін шабуылдаушылардың нысанасында 25 ұйымның, оның ішінде федералды агенттіктердің аккаунттары да болғанын мәлім еткен болатын.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85